Республика күні мен Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына орай облыс орталығында мерекелік іс-шаралар өтеді.

Усть-Каменогорск 23-10-2025, 12:49

17–25 қазан аралығында
Оралхан Бөкей атындағы кітапханада «Қазақ киносы апталығы» өтуде.
Мекенжайы: Е. П. Славский жағалауы, 22

24 қазан (бейсенбі)
11:00 – Ұлттық киімдер дүкені «Tarbiya»-ның ашылуы және «Шапандар шеруі» – ұлттық киімдер шеруі.
Сәтбаев даңғылы, 79а

25 қазан (жұма)

11:00–12:00 – «Бабалар рухы» атты жергілікті суретшілердің байқау-көрмесі Шығыс Қазақстан өнер музейінде өтеді.

11:00–14:00 – Арбатта Шығыс Қазақстанның көрікті жерлерінің фотокөрмесі және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

11:00–14:00 – Қасым Қайсенов атындағы этнопаркте «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты мерекелік бағдарлама өтеді.

11:00–14:00 – Өлкетану музейінде «Күмістің сиқыры мен жарқылы» атты көрме өтеді.

11:00 – Қала көшелерінде «Отанның орны жүректе» атты акциямен Оқырман трамвайы жүреді. Онда қала тұрғындары мен қонақтары мереке тарихымен және еліміздің үздік авторларының шығармаларымен таныса алады.

12:00 – «Император» сауда үйінде «Қыран елім – Қазақстан!» атты мәдени бағдарлама өтеді.

13:30–18:00 – «MAXI MALL» сауда-ойын-сауық орталығында «Елімнің еркін рухы» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.

16:00 – «Алтай» сауда орталығында «Алтай» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің «Мәңгілік жаса, туған елім!» атты концерті өтеді.

17:00 – «MAXI MALL» сауда орталығында «Рухы биік – Республика» атты театрландырылған концерт өтеді.

Қ. Қайсенов атындағы этнопаркте «Қазақстан бірлігі» атты мерекелік шара өтеді.

Қаланың сауда желілерінде «Береке Fest» акциясы өтуде. Оның аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағамен келесі супермаркеттерде сатылады:
«Ситицентр», «Колос», «Волна», «Самал», «45-дегі гастроном», «Керуен», «Алтай Маркет», «Достық».
Акция қазан айының соңына дейін жалғасады.

15%-дан 49%-ға дейінгі жеңілдіктер және арнайы ұсыныстар «Sulpak», «Технодом», «DNS», «Magnum» дүкендерінде қолжетімді.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері:
* «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы — Жібек жолы көшесі, 44
* «ДосНар» сауда үйі — Виноградов көшесі, 17а

Поделиться
0

Комментарии

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Новости ВКО

Новости Казахстана

Мировые новости