Зайсанда жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды

Өскемен 16-05-2025, 17:58 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» бірлесіп, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Зайсан ауданындағы моно және шағын қалалар тұрғындарына арналған өңірлік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаны іске қосты, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып отыр. Бағдарлама аясында келесі сала мамандарына тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беріледі:

Денсаулық сақтау: дәрігерлер, орта медициналық қызметкерлер

Білім беру: мұғалімдер, есепшілер, тәрбиешілердің көмекшілері

Мәдениет және спорт: осы салалардың мамандары

Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері

Инфрақұрылым: инженерлер, заңгерлер, жүргізушілер, сантехниктер, дәнекерлеушілер, су және газмен қамту мамандары

Әлеуметтік сала: әлеуметтік қызметкерлер, жұмыспен қамту мамандары

Құрылыс, жол жөндеу және өнеркәсіп саласының қызметкерлері

Мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін азаматтық қызметшілер

Бағдарламаға қатысу шарттары:

Қазақстан Республикасының азаматы болуы

Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің Зайсан қаласында тіркеуде болуы

Жасы 50-ден аспауы (ерлі-зайыптылар үшін)

Соңғы 5 жылда Зайсанда тұрғын үйінің болмауы

Бағдарламаға Зайсан қаласының тұрғындары ғана қатыса алады.
Үміткерлер балдық жүйе арқылы іріктеледі.

Қажетті құжаттар тізімі:

Туу және неке туралы куәліктер

Жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама

Жұмыс орнынан анықтама

Еңбек өтілін растайтын құжаттар

Зейнетақы аударымдары бойынша анықтама

Мүмкіндігі шектеулі жандарға – мүгедектік туралы анықтама (бар болса)

Соңғы 6 айдағы табыс туралы анықтама

Білім туралы құжаттың көшірмесі

Бұл бағдарлама – Зайсан өңіріндегі маңызды мамандарды баспанамен қамтамасыз етіп, ауылдық аумақтардың дамуына серпін беретін тиімді әлеуметтік жоба.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады