Өскеменде пластик өңдейтін зауыттың құрылысы жоспарланып отыр

Өскемен 14-05-2025, 13:26 0

Қазақстанда экологиялық бастамаларды қолдау мақсатында қоқысты қайта өңдеу өндірістерін іске қосуға қомақты қаражат бөлінуде. Осындай ауқымды жобалардың бірі Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, өткен жылы Үкіметтің тапсырмасы бойынша «Жасыл Даму» акционерлік қоғамы арқылы ел көлемінде бизнес өкілдеріне қоқысты қайта өңдеу өндірістерін дамыту үшін 200 миллиард теңге бөлінген.

Жалпы республика бойынша 96 жоба іріктеліп, олардың бірі — «ВКО Экопуск» жобасы — Шығыс Қазақстан облысынан таңдалған.

– Республика көлемінде қаралған 96 жобаның ішінен біздің өңірден тек бір жоба іріктеуден өтті. Бұл — пластик қалдықтарын қайта өңдеуге бағытталған «ВКО Экопуск» жобасы. Жоба екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншісі — люктер, қоқыс жәшіктері, орындықтар сынды тұрмыстық бұйымдар шығару болса, екіншісі — пластикті қайта өңдеу арқылы дизель отыны мен битум тәрізді биожанармай өнімдерін өндіру, – деді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов.

Жобаға салынатын жалпы инвестиция көлемі 1,7 миллиард теңгені құрайды.

«Жасыл Даму» бағдарламасы аясында жобалар төмен пайызбен несиелеу арқылы қаржыландырылады:

20% – инвестордың өз қаражаты,

42% – 3%-ға дейінгі жеңілдетілген мөлшерлемемен берілетін несие,

38% – қайтарымсыз грант.

Жобаны жүзеге асыру үшін жер телімі 49 жылға жалға беріледі, бірақ меншік құқығы берілмейді. Бұл — жоба іске аспай қалған жағдайда жердің жеке меншікте қалмауын қамтамасыз ететін сақтық шарасы. Егер жоба жоспарланған мерзімнен бұрын өзін-өзі ақтаса, келісімшартты ұзарту мүмкіндігі қарастырылады.

Қазіргі таңда жоба екінші іріктеу кезеңінен сәтті өтіп отыр. Құжаттар толық мақұлданса, зауыттың құрылысы осы жаздың соңында басталуы мүмкін.


Фото: stock.adobe.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады