Тасқынға тосқын: Сақтық шаралары нәтижесін берді

Өскемен 1-05-2025, 10:07 0

Алтай ауданында Бұқтырма мен Поганка өзендерінің маңында су деңгейі көтеріліп, тұрғын үйлерге су кіру қаупі туындады. Қауіпті жағдайға 30 сәуір күні басталған нөсер жаңбыр мен таудағы қардың тез еруі себеп болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден асып, Зубовск кентінде жер асты сулары көтерілді. Сонымен қатар, Поганка өзенінің дренаж жүйесінде ақау пайда болды. Нәтижесінде 10 тұрғын және 3 шаруашылық үйдің ауласын су басты.

Алайда құтқару қызметтері мен жергілікті билік бірлесе жұмыс істеп, жағдайды бақылауға алды. Мамандар 4250 текше метр суды арнайы техникамен сорып шығарды. Су кіру қаупін азайту үшін 2000 қап төселіп, 980 тонна тау жынысы жеткізілді. Бөгеттерге полиэтилен пленкасы төселіп, дренаж жүйелері күшейтілді.

Қазіргі таңда жағдай тұрақталған. Бұқтырма өзенінің деңгейі 73 см-ге төмендеп, 535 см-ді құрады. Эвакуация қажет болмады. Зубовск кентінде дрон арқылы қосымша тексеру жүргізіліп, бөгетті бекіту жұмыстары жалғасуда.

Жергілікті жерде жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Барлық жауапты қызметтер тәулік бойы жағдайды бақылауда ұстап отыр.


Фото: Махаббат Ахметжанова

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады