Жаңа саяси модель: бір палаталы Құрылтайдың артықшылықтары
Жаңа Конституцияның қабылдануымен Қазақстанда қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай жұмыс істейтін болады. Бұл өзгерістер заң шығару жүйесінің тиімділігін арттырып, халық алдындағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Осы ретте Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрайымы Аяужан Әшімова заң шығару үдерісі енді ашық әрі түсінікті болатынын айтады.
Өңірлік Қоғамдық кеңес төрайымының пайымдауынша, конституциялық реформаның негізгі мақсаты – заң шығарушы билікті ықшам, түсінікті әрі азаматтар алдында жауапты институт ретінде қалыптастыру.
– Біз бір палаталы Құрылтайдың басты идеясы – заң шығарушы биліктің жұмысын ықшамдап, оның тиімділігі мен ашықтығын арттыру. Бір палаталы Құрылтай заң шығару қызметін бір өкілді орган аясында шоғырландырады. Соның нәтижесінде заң қабылдау үдерісі жеделдеп, ашық әрі түсінікті бола түседі. Ең бастысы – өкілдіктің сапасы. Құрылтай ашық саяси пікірталастар өтетін және кәсіби заң шығару қызметі жүзеге асырылатын тиімді алаңға айналуы тиіс, – деді Аяужан Әшімова.
Оның пікірінше, жаңа саяси модель заң шығару қызметінің сапасын арттырып қана қоймай, мемлекеттік институттардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге де ықпал етеді.
