Қазақстан мен Вьетнам негізгі салаларда ынтымақтастықты күшейтпек

Жаңалықтар / Өскемен 6-05-2025, 17:31 1

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Қазақстан мен Вьетнамның іскерлік дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, екіжақты әріптестікті дамытуға бағытталған үш басым бағытты атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ең үлкен әлеует авиация саласында байқалады.

– Бүгінде әлемдік жүк әуе тасымалы нарығының көлемі 140 миллиард долларды құрайды. Бұл – ауқымды нарық, Қазақстан халықаралық әуехабты дамытуға дайын. Біз «Qazaq Air» әуе компаниясын сатып алу мәмілесін аяқтап жатқан Sovico Group компаниясымен ынтымақтастыққа зор мән береміз. Бұл әуе кемелерінің санын арттырып, заманауи логистикалық хаб құруға жол ашады, – деді Ермек Көшербаев.

Вице-премьер атаған екінші маңызды бағыт – ауыл шаруашылығы. Қазақстан егістік пен жайылым көлемі бойынша әлемде алтыншы орында тұр және әлемнің үздік он бидай экспорттаушы елінің қатарына енеді. Сонымен қатар ұн экспортынан әлемдік көшбасшылардың бірі.

– Алдағы үш жылда агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнім үлесін 70%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы қуаты жылына 220 мың тонна ет өндіретін 29 құс фабрикасы мен 850 миллион жұмыртқа өндіретін 11 жұмыртқа фабрикасы іске қосылады. Біз вьетнамдық серіктестерді бірлескен өндірістер құруға және заманауи, су үнемдейтін технологияларды енгізуге шақырамыз, – деді ол.

Үшінші басым бағыт ретінде Ермек Көшербаев цифрландыру мен инновацияны атады. Қазақстан электрондық үкіметтің жаһандық индексінде 24-ші орында тұр және онлайн қызметтердің сапасы бойынша әлемдегі үздік он елдің қатарында.

– Осы жылдың бірінші жартысында eGov арқылы 20 миллионнан астам онлайн қызмет көрсетілді. Бұл – халықтың 90%-ы цифрлық шешімдерге қол жеткізді деген сөз. Astana Hub технопаркі Google мен Microsoft секілді ірі компаниялардың қатысуымен 1500-ден астам стартапты қолдап отыр. Биыл біз Alem.AI – Ұлттық жасанды интеллект орталығын іске қосудамыз. Бұл орталық технологиялық дамудың жетекшісіне айналмақ, – деді вице-премьер.

Сондай-ақ вице-премьер Вьетнамды мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу және технология алмасу салаларында Қазақстанның стратегиялық серіктесі бола алады деп атап өтті.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады