📢 Азаматтардың назарына! Сақ болыңыздар!

Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс нысанының заңдылығына және құрылыс салушының барлық қажетті рұқсат құжаттарының болуына міндетті түрде көз жеткізіңіз.
 
🏢 Шығыс Қазақстан облысында үлескерлердің қаражатын тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі тетіктер арқылы жүзеге асырылады:
 
✅ екінші деңгейдегі банктің қатысуымен;
✅ «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ кепілдігімен;
✅ жергілікті атқарушы органның рұқсаты негізінде.
 
🔎 Үлестік құрылыс нысанының заңдылығын және үлескерлер қаражатын тартуға берілген құжаттардың бар-жоғын Homeportal.kz ресми порталынан тексеруге болады.
 
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында үлескерлер қаражатын тарта отырып, келесі заңды үлестік құрылыс нысандары іске асырылуда:
 
🔷 Екінші деңгейдегі банктің қатысуымен:
* «Viva Life» ТК
* «Asyl Tau» ТК
* «Asyltas» ТК
 
🔷 «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ кепілдігімен:
* «Asylum» ТК
* «Золотой квадрат» ТК
* «Престиж» ТК (Sparkle Diamond)
 
🔷 Жергілікті атқарушы органның рұқсатымен:
* «Orda» ТК
* «Tumar Towers Oskemen» ТК
* «Айналайын» ТК
* «Belgravia» ТК
* «BS Holding Easton» ТК
* «Eco Polis» ТК
* «Park Line» ТК
* «Renesans» ТК
 
⚠️ Қаржылық тәуекелдерге жол бермеңіз. Тұрғын үй сатып алу кезінде құрылыс салушы мен құрылыс нысаны туралы ақпаратты алдын ала мұқият тексеріңіз.
 
#ШҚО #ҮлестікҚұрылыс #ТұрғынҮй #ҚауіпсізСатыпАлу #ШҚОМАСБ
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter