Жыл басынан бері шығыста 42 экологиялық заң бұзушылық анықталды

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті  27 тексеру жүргізді. Оның ішінде 22-сі жоспардан тыс, 2-і профилактикалық.

Тексеру қорытындысы бойынша экологиялық заңнаманы бұзғандарға  21 нұсқама берілді. Бұдан бөлек, жалпы сомасы 207,1 миллион теңгені құрайтын 43 әкімшілік айыппұл салынды. Бүгінгі таңда оның 203,7 миллион теңгесі  өндірілді, ал қалған деректер  заңнамада белгіленген тәртіппен қаралуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары Әсет Бауыржанұлы мәлімдеді.

Спикердің сөзунше, мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізудің мақсаты - табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға келтірілетін кері әсердің алдын алу және экологиялық қауіпсіздікті нығайту. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, өңір кәсіпорындарының бекітілген заң талаптарын сақтауын  тұрақты түрде бақылау ұстайды.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter