Қазақстанда «Әл-Фараби» ордені енгізіледі

«Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи» қатарын «Әл-Фараби» ордені толықтырды. Бұл туралы бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Мемлекет басшысы аталған марапаттар алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатынын жеткізді.

Президент қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын тоқталып, олардың ішінде Әл-Фараби орны ерекше екенін атап өтті. Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы екені айтылды.

– Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі, - деді Президент.
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter