#Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысында сайлау учаскелері жұмысын аяқтады
15-03-2026, 20:22
Шығыс Қазақстан облысы аумағында республикалық референдум аясындағы дауыс беру аяқталды. Өңірдегі барлық сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де жабылды.
Облыстық комиссияның мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 485 109 тұрғын енгізілген. Дауыс беруді ұйымдастыру үшін өңірде барлығы 533 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның ішінде 128 учаскеде тұрғындар естелік суретке түсе алатын арнайы фотозоналар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, азаматтардың қолайлығы үшін ауруханаларда, шипажайларда және басқа да мекемелерде уақытша болатын адамдарға арналған 32 арнайы учаске ашылды. Бұл негізгі учаскелерге келе алмайтын азаматтардың дауыс беруіне мүмкіндік берді.
Дауыс беру күні көптеген учаскелерде мерекелік атмосфера қалыптасты. Кішігірім жәрмеңкелер ұйымдастырылып, онда тұрғындар түрлі тәттілер, пісірілген өнімдер мен басқа да дәмді тағамдарды сатып ала алды. Қонақтарды биік қуыршақтар қарсы алып, балалар мен ересектерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Көптеген тұрғындар сайлау учаскелеріне отбасыларымен, бірнеше буын өкілдерімен бірге келді. Кейбір отбасылар үшін дауыс беруге қатысу бірнеше ұрпақты біріктіретін жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті.
Өңірде референдум сағат 14:00-де-ақ өтті деп танылды, өйткені сайлаушылардың қатысуы тіркелген азаматтардың жартысынан асты. Күні бойы облыс тұрғындары учаскелерге белсенді түрде келіп, жоғары азаматтық белсенділік танытты.
Дауыс берудің қорытынды нәтижелері мен экзит-пол деректері түн ортасына таман жарияланады деп күтілуде.

