#Жаңалықтар
Чемпионның алғашқы таңдауы: Наргиз Мерекенова референдумға қатысты
15-03-2026, 15:40
Армрестлингтен әлем чемпионы Наргиз Мерекенова республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Белгілі спортшы үшін бұл өміріндегі алғашқы дауыс беру болды.
Спортшы Өскемен қаласындағы сайлау учаскесіне келіп, өзінің азаматтық парызын орындады. Оның айтуынша, мұндай маңызды оқиғаларға қатысу — әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігінің бір көрінісі.
Бүгін еліміз бойынша сайлау учаскелеріне түрлі мамандық иелері мен әр буын өкілдері келіп жатыр. Олардың қатарында елге танымал спортшылар да бар. Олар өз үлгілері арқылы белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуде.
Республикалық референдум еліміздің барлық өңірінде өтуде. Әрбір азамат маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысып, өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды.
