«Мерейлі отбасы» жеңімпаздары өз таңдауын жасады

Көгедай ауылдық округіндегі №598 сайлау учаскесінде «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпаздары - Бозтаевтар әулеті өз таңдауын жасады.

Үлгілі отбасы мүшелері саяси науқанға түгелдей келіп, ел болашағы үшін дауыс берді. Олардың айтуынша, мемлекет өміріндегі маңызды шешімдерге бейжай қарамай, азаматтық ұстанымды білдіру - әрбір қазақстандықтың парызы.

Бозтаевтар әулеті қоғамдағы белсенділігімен және отбасылық құндылықтарды насихаттауымен танымал. Отбасы мүшелері мұндай маңызды саяси науқандарға қатысу елдің дамуына қосылған үлес екенін атап өтті.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter