Шілікті ауылында ұялы байланыс пен интернет іске қосылды

Зайсан ауданына қарасты Шілікті ауылында тұрғындарды тұрақты ұялы байланыс және кеңжолақты мобильді интернетпен қамтамасыз етуге арналған антенно-мачталық нысан іске қосылды.


Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде ауыл тұрғындары сапалы ұялы байланыс пен жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізді. Бұл жаңашылдық әлеуметтік саланың дамуына серпін беріп, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызметтер мен кәсіпкерлік бағытында жаңа мүмкіндіктер ашты.


Енді оқушылар қашықтан білім алуға, тұрғындар электронды мемлекеттік қызметтерді еркін пайдалануға, ал кәсіпкерлер онлайн платформалар арқылы өз қызметін дамытуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, интернеттің қолжетімді болуы ауыл тұрғындарының ақпаратқа қол жеткізуін кеңейтіп, күнделікті өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.


Ауылдық елді мекендерде байланыс инфрақұрылымын дамыту – қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл жоба өңірде цифрлық технологияларды кеңінен енгізу жолындағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі болып отыр.


 

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter