«?Silk Way Star: Қазақстан Еуразияның жаңа медиа брендін қалыптастыруда»
Халықаралық Silk Way Star вокалдық байқауы, ҚР Президенті Телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиакорпорациясы бірлесіп құрған жоба, еліміздің ең танымал экспорттық медиөнімдерінің біріне айналып келеді. Формат толықтай Қазақстанда әзірленген, сондықтан құқықтар, франшиза және монетизациялау мүмкіндігі отандық индустрияға тиесілі. Бұл өз кезегінде оған жаңа м
Жобаны кеңейту Қазақстанға Еуразияның жетекші медиа хабы ретіндегі мәртебесін бекітуге мүмкіндік береді. Болжам бойынша, алдағы жылдары медиа мен креативті экономикаға құйылатын инвестиция көлемі 50–70 млн АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін, ал саланың ЖІӨ-ге қосатын үлесі екі есеге артады.
Халықаралық Silk Way Star вокалдық байқауы – ҚР Президенті Телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиакорпорациясы бірлесіп жасаған жоба – бүгінде еліміздің ең танымал экспорттық медиөнімдерінің біріне айналып келеді. Формат толықтай Қазақстанда әзірленгендіктен, оның барлық құқықтары, франшизасы және монетизациялау мүмкіндігі отандық индустрияға тиесілі. Бұл өз кезегінде отандық медиасалаға жаңа мүмкіндіктер мен тың көкжиектер ашады.
Цифрлар Silk Way Star жобасына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын айқын көрсетеді. Әлеуметтік желілердегі аудиторияның қамтылуы 43 елді, 143 миллионнан астам пайдаланушыны және 300 миллионнан көп қаралымды құрайды. Бұл Қазақстан үшін нақты мүмкіндіктер ашады: құқықтар мен лицензияларды сату, жарнама нарығын кеңейту, демеушілік келісімшарттардың санын арттыру.
?️Осылайша Silk Way Star еліміздің креативті индустриясының дамуына серпін беріп, продакшн студияларына, дизайн, музыка, SMM және аналитика саласының мамандарына деген сұранысты арттырып отыр. Сонымен қатар бұл жоба Қазақстанның өңірлік мәдени дипломатия орталығы ретіндегі имиджін нығайтады.
