Жарық жұлдыз Юлия Галышева спорттық мансабын аяқтады

Қазақстанның фристайл-могулдан жарық жұлдызы Юлия Галышева үлкен спортпен қош айтысты.

Галышева – Пхёнчхан қысқы Олимпиадасының қола жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионы, әлем чемпионаттары мен Әлем кубогы кезеңдерінің тұрақты жүлдегері. Оның кәсіби шеберлігі мен тұрақты нәтижелері Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырды.

Спортшы мансапты аяқтау туралы шешім бір күнде қабылданбағанын айтып, тізе жарақатынан кейін операциядан кейін қайта сынап көргенін, Италиядағы бесінші Олимпиадасында 14-орын алғанын жеткізді.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Елена Круглыхина Юлияның кәсібилігі мен табандылығын атап, фристайл-могул спортының елімізде жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтты.

Галышева бапкерлік қызметке бет бұруды жоспарламаса да, жас спортшылар – Анастасия Городко мен Павел Колмаков – әлеуетіне сенім артатынын білдірді.

ШҚО спорт басқармасының басшысы Аскар Можанов спортшы мен жаттықтырушыға дәстүрлі қазақы шапан жауып, олардың ел спортына қосқан үлесін атап өтті.

Юлия Галышеваның спорттағы жолы – табандылық пен кәсібиліктің жарқын үлгісі болып қала бермек.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter