#Шығыс Қазақстан
Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуы тиіс — Тоқаев
28-10-2026, 12:07
Қазақстан инфрақұрылымды дамытуға басымдық береді. Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің барлық өңірінде әлеуметтік нысандар құрылысын жандандыру қажеттігін айтты. Оның сөзінше, бұл азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
Әңгіме жекелеген жобалар туралы ғана емес, инфрақұрылымды кешенді дамыту туралы болып отыр. Ең алдымен, өңірлердің денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілігін анықтау қажет.
«Біздің азаматтарымыз толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл – халықтың өмір сүру сапасын арттырудың аса маңызды шарты», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, елдің тұрақты әрі серпінді дамуы үшін алға қойылған міндеттер сапалы және қысқа мерзімде жүзеге асырылуы қажет.
