«Ауыл аманаты» аясында биыл 400-ден астам жұмыс орны ашылады – ШҚО

Өскемен 19-03-2025, 14:50 0

«Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіп бастау үшін облыс тұрғындарына 445 микрокредит беріледі. Бұл 400-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылы Шығыс Қазақстанда аймақтық жұмыспен қамту картасы шеңберінде 32 435 жұмыс орны ашылып, жылдық жоспар 101%-ға орындалды.

– «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына 1 250 несие беру және 1 326 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын, – деді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова облыстық әкімдікте өткен жиында. – Қазіргі кезде 1 миллиард теңге көлемінде 72 микрокредит берілді.

2025 жылы өңірде 28 631 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр, оның ішінде 19 477-сі тұрақты, 9 184-і уақытша жұмыс орындары болмақ.

– «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 149 тұрақты жұмыс орны ашылады, – деп қосты Альмира Мусинова.

Бұған дейін бұл бағдарлама аясында жұмыс орындары ашылмаған болатын.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша ШҚО тұрғындарына жалпы 3 миллиард теңге көлемінде 445 микрокредит беріледі, бұл 483 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Фото: Махаббат Ахметжанова


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады