Өскеменде Hilton желісінің көпфункционалды қонақ үйі салынбақ

Облыс орталығында алдағы жылдары Hilton желісінің бес жұлдызды қонақ үйі ашу жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смит хабарлады.

– Өңірде алғаш рет Өскемен қаласында Hilton желісінің бес жұлдызды қонақ үйі салынады. Жобаны шамамен 2028 жылға дейін іске асыру жоспарланып отыр. Осындай жоғары деңгейдегі қонақ үйдің құрылысына рұқсат алу оңай болған жоқ. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер өткізілді, мамыр айында мемлекеттік сараптамадан өту жоспарлануда. Одан кейін құрылыс жұмыстары басталады, – деді Ирина Смит.

Ол жобаның егжей-тегжейлері департаментке әлі белгісіз екенін атап өтті.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter