Мемлекеттің саяси партиялары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

 

 

28 ақпанда Астанада жаңа Конституциясы жобасына арналған Партияаралық диалог өтті. Пікірталас «Qazaqstan»телеарнасыныңәлеуметтік желідегі платформаларындажәне «Хабар» телеарнасының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Партияаралық диалог спикерлерге қойылатын нақты регламенті менайқын міндеті бар,4 раундтан тұратын бірегей пікірталас форматы.

Диалогқа Қазақстандағы 7 партия атынан14 спикер қатысты.Олар модераторлар мен қарапайым қазақстандықтардың сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа Конституция жобасына қатысты өз ұстанымдарын білдірді.

Спикерлер Тәуелсіздік пен ұлттық бірлікті Конституция деңгейінде бекіту, Парламент бақылауын күшейту, білім мен ғылымды дамыту басымдығы, әлеуметтік кепілдіктер, меншік құқығын қорғау, мемлекеттің экологиялық жауапкершілігі, азаматтардың цифрлық құқығы және негізгі шешімдер қабылдау кезіндегі жалпыхалықтық референдумның рөлі сынды бірқатар мәселеніталқылады.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарымжаңа Конституция жобасының 3-бабына қатысты сұраққа жауап бере отырып, бұл бапта алғаш рет конституциялық деңгейде мемлекеттің стратегиялық қызмет қағидаттары Тәуелсіздіктіқорғау, ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық диалогты дамыту, адам құқығы, ғылым мен білім басымдығы бекітілгенін мәлімдеді.

«Жаңа Конституцияның 3-бабытуралы айтқан кезде, біз мемлекеттік саясаттың іргетасы туралы ой қозғаймыз. Бұл жай ғана құндылықтар тізімі емес, ол – құқықтық бағдар. Заңдар мен биліктің барлық тармағының шешімдері соған сәйкес келуге тиіс», – деді Айдос Сарым.

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ҮнзилаШапақ жаһандық трансформациялар мен технологиялық өзгерістер жағдайында Конституцияны жаңғыртуқажет екеніне назар аударды. Оның айтуынша, АтаЗаңды жаңғырту мемлекеттің құқықтық тұрғыдадамуының қисынды кезеңі.

«Конституцияны жаңғырту құқықтықтұрғыда дамудың табиғи әрі қисынды көрінісі. Жаңа жоба демократиялық институттарды нығайтуға және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Үнзила Шапақ.

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаевжаңа Конституция жобасы мемлекет дамуының адамға бағдарланған моделін бекітетінін айтты. Соған сәйкес, мемлекет адамға қызмет етуге тиіс.

«Жаңа Конституцияда адам капиталы жер қойнауы мен табиғи ресурстардан маңызды екені бекітілді. Бұл білім мен ғылымды дамыту және азаматтардың тұрмысын жақсарту мәселесі мемлекеттің тікелей міндетіне айналатынын білдіреді», – деді Серік Егізбаев.

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Жигули ДайрабаевКонституцияға өзгерістер енгізудің жаңа тәртібіне – жалпыхалықтық референдум арқылы шешім қабылдау мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды.

«Енді тек жалпыхалықтық референдум арқылы ғанаКонституцияға өзгерістер енгізіледі.Бұл түпкілікті шешімді халыққабылдайтынын бекітеді», деді Жигули Дайрабаев.

Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровжаңа Конституция ұзақ мерзімді инвестициялар үшін болжамды орта қалыптастыратынын атап өтті.

«Экономикалық өсім ресурстар көлеміне емес, институттардың сапасына, ережелердің тұрақтылығына және меншік құқығының қорғалуынабайланысты болмақ. Жаңа Конституция дәл осы институционалдық негізді бекітеді», – деді Айдарбек Қожаназаров.

Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясыфракциясының мүшесіЕкатерина Смоляковамемлекет пен бизнес әріптестігінің философиясына тоқталды.

«Конституция мемлекетке және жекетұлғаға тиесілі меншікті тең қорғауды бекітеді және адал әріптестіктің жаңа қағидаттарын қалыптастырады», – деді Екатерина Смолякова.

Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі МагеррамМагеррамов жаңа Ата Заңның әлеуметтік мәніне назар аударды.

«Жаңа Конституция – мемлекеттің адамғаарналғанын мойындауды және әлеуметтік мемлекет болу міндеттемесін алуды білдіреді», – деді МагеррамМагеррамов.

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азамат Әміртаевэкологиялық жауапкершілікті күшейту мәселесіне тоқталды.

«Қоршаған ортаны қорғау мемлекет пен әрбір азаматтың конституциялық міндетіне айналады», – деді ол.

Өз кезегінде, «Байтақ» партиясының мүшесі Тәңірберген БердоңғаровКонституция мәтініне «Миранда ережесінің» енгізілуін оң бағалады.

«Бұл норманың конституциялық мәртебе алуы үнсіз қалу құқығы мен адвокат көмегіне жүгіну құқығын азаматтарды қорғаудың іргелі кепілдігіне айналдырады», – деді ТәңірбергенБердоңғаров.

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының атынан оның төрағасы әрі Мәжіліс депутаты Азат Перуашевсөз сөйлеп, пропорционалды сайлау жүйесіне көшуқадамын қолдады.

«Пропорционалды сайлау жүйесі саяси әртараптандыру мен көппартиялықты дамытуға жағдай жасайды», – деді Азат Перуашев.

Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Ақ жол» партиясының мүшесі Дания Еспаеважеке меншікті қорғау мәселесіне назар аударды.

«Мемлекетке және жеке тұлғаға тиесіліменшік тең конституциялық қорғауға ие болады.Ал мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері үшін өтемақы төленуге тиіс», – деді Дания Еспаева.

Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясыныңтөрағасы Асхат Рақымжанов жаңа редакция адам өмірінің елеулі бөлігі цифрлық кеңістікке ауысқанын ескеретінін айтты.

«Жаңа Конституцияға сәйкес,цифрлық ортадағы жеке өмірде қорғалады. Адамның жеке деректері оның үйі мен жеке хат-хабарымен бірдей деңгейде қорғауға алынады», – деді Асхат Рақымжанов.

Ал оның фракцияласы Нұрлан Әуесбаевотбасы институты мен бақытты балалық шақты қорғауды күшейту мәселесіне тоқталды.

«Отбасы, ана, әке және бала мемлекет қорғауында болады.Бұл келер ұрпақтың құқықтық кепілі», – деді Нұрлан Әуесбаев.

Осылайша, партияаралық диалог алаңы жаңа Конституция жобасын талқылауда саяси ұстанымдардың кең ауқымын көрсетіп, көрермендерге елдің алдағы дамуына қатысты негізгі мәселелер бойынша партиялардың көзқарастарын салыстыруға мүмкіндік берді.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter