Заң мен тәртіп - oskemencity.kz

Республикалық «EKTU CUP–2026» турнирі: заң, ой және көшбасшылық алаңы
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттерді біріктірген «EKTU CUP–2026» республикалық дебат турнирі өз мәресіне жетті. Ауқымды іс-шара жоғары ұйымдастыру деңгейімен, мазмұндық тереңдігімен және заманауи қоғамдық сын-қатерлерге сай келетін өзекті күн тәртібімен ерекшеленді.

Турнир Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясында бекітілген құқықтық мемлекет қағидаттары, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық келісім мен жауапкершілік идеялары аясында өтті. Оның негізгі идеологиялық өзегі - «Заң мен тәртіп» қағидаты. Бұл бағыт жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, заңға құрмет қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті дамытуға негізделген.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, прокуратура органдары және Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен тығыз өзара іс-қимыл аясында ұйымдастырылды. Мұндай ведомствоаралық серіктестік турнирдің жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етіп қана қоймай, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамда заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған практикалық мазмұнмен толықтырды.

Таңертеңнен бастап университет кампусы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан келген командалармен жанданды. Олардың қатарында Alikhan Bokeikhan University, Astana IT University, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Тұран» университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Семей медицина университеті және басқа да оқу орындары бар. Тіркеу кезеңінің өзі қатысушылар арасындағы алғашқы танысу, пікір алмасу алаңына айналды.

Салтанатты ашылу рәсімі турнирдің стратегиялық бағытын айқындады. Онлайн форматта сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Абылайхан Ақерке білім беру жүйесінде жаңартылған Конституция құндылықтарын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің және университеттің комплаенс қызметінің өкілдері сөз сөйлеп, заң үстемдігі, құқықтық мәдениет және қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында жастардың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Дебат раундтары британдық парламенттік форматта өтті. Бұл формат пікірталастарға жоғары қарқын беріп, қатысушылардан терең талдау, жүйелі ойлау және шешендік шеберлікті талап етті. Талқылау барысында цифрлық бақылау, қауіпсіздік пен адам құқықтары арасындағы теңгерім, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекет пен қоғамның рөлі сияқты маңызды тақырыптар көтерілді.

Бағдарламаның маңызды бөлігі – білім беру компоненті болды. Қатысушылар Халықаралық Лу Бань шеберханасына және университеттің ғылыми орталықтарына барып, инженерлік білім берудің заманауи тәсілдерімен, цифрлық технологиялармен және инновациялық әзірлемелермен танысты.

Турнирдің қорытынды кезеңі жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен түйінделді. Университет ректоры қатысушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, дебаттардың азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруда, ашық диалог мәдениетін дамытуда және заңға құрметті нығайтуда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Марапаттау рәсіміне «KAZZINC» компаниясының корпоративтік университетінің білім беру ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Елемесова Г.А. қатысты. Бұл университет пен өндіріс арасындағы серіктестіктің маңызын және жастар бастамаларын қолдаудағы бизнестің үлесін айқындайды.

Негізгі алаң жеңімпаздары: «Маулетхан Даниел» фракциясы Қадырғазыев Нұрсұлтан (Alikhan Bokeikhan University) Сәрсенбаев Жігер (С. Аманжолов атындағы ШҚУ)

Финалистер: «Ванда» (Alikhan Bokeikhan University), «Ақиқат А» (Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті), «M0nesy» (Семей медицина университеті).Үздік спикер: Қадырғазыев Нұрсұлтан,Үздік төреші: Әбілмажинова Ақбота.Жастар алаңының жеңімпаздары:«Insan» (Абай атындағы ҚазҰПУ)

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті студенттік жастарды жүйелі түрде қолдап, білім беру және қоғамдық бастамаларды дамытуға үлес қосып келе жатқан сенімді серіктесі – «KAZZINC» компаниясына алғыс білдіреді.

«EKTU CUP–2026» турнирі білім, ғылым және құқықтық мәдениетті тоғыстырған маңызды алаңға айналды. Бұл жоба заң мен тәртіп, әділеттілік және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын өмірлік ұстаным ретінде қабылдайтын саналы, ойлы және біртұтас жастар буынын қалыптастыруға ықпал етеді.

# Заңментәртіп

#Законипорядок

ШҚО-да интернет-алаяқтықтың 296 фактісі тіркелді
Ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты алаяқтардың әдіс-тәсілдері де барған сайын күрделеніп келеді. Алайда олардың басты мақсаты өзгеріссіз – азаматтардың жеке деректері мен қаржысын иемдену.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, интернет-алаяқтықтың ең кең таралған түрлерінің бірі – жалған курьерлік қызметтер арқылы жасалатын алдау. Алаяқтар өздерін CDEK курьерлік қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырып, сізге сәлемдеме келгенін хабарлайды. Кейіннен SMS арқылы келген кодты сұрайды. Біраз уақыттан соң олар қайта байланысып, өздерін «eGov» порталының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтың жеке деректеріне алаяқтар қол жеткізуге тырысып жатқанын, сондықтан оларды шұғыл түрде бұғаттау қажет екенін айтады. Осы мақсатта қайтадан код сұрап, бейнетексеруден өтуге көндіреді. Нәтижесінде азаматтар өз жинақтарынан айырылып қалуы мүмкін.

Мамандар күмәнді сілтемелерге өтпеуді, SMS-кодтарды бөгде адамдарға айтпауды және жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеуді ұсынады.

Бұдан бөлек, интернет-дүкендер, пәтер жалдау және қала сыртындағы демалыс орындары саласында да алаяқтық жағдайлары жиі кездеседі. Алаяқтар жалған хабарландырулар орналастырып, азаматтардың сеніміне кіреді. Сондықтан алдын ала төлем жасауға болмайды.

Қазіргі уақытта өңірде интернет-алаяқтықпен күрес белсенді түрде жүргізілуде. Киберқылмыспен күрестегі ең тиімді әдіс – алдын алу шаралары. Бұл бағытта ҚР ІІМ-нің 2026–2028 жылдарға арналған киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бағдарламасы және «Anti-Fraud» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыстар атқарылуда.

Полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, жадынамалар таратып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсат – әрбір азаматты ақпараттандыру, себебі сақтық – қауіпсіздіктің басты кепілі.

Осындай жағдайға тап болсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарласу қажет.

Облыс орталығында «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді
Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!

Естеріңізге саламыз, облыс орталығында «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді.

«Құқық кабинеті» — әрбір азаматқа қажетті құқықтық ақпаратты тегін алуға және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін орын.

«Құқық кабинеті» қандай мүмкіндіктер ұсынады?

«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және «Заң» деректер базасына қол жеткізу

қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу мүмкіндігі

e-Otinish арқылы өтініштер беру

eGov сервистерімен жұмыс істеу

«Ашық НҚА» порталына және мемлекеттік органдардың басқа да цифрлық қызметтеріне қол жеткізу

жабдықтарды пайдалану: компьютер, принтер, телефон, веб-камера

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17, «Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін

«Құқық кабинеті» — сізге жақын жерде тегін құқықтық көмек алудың ыңғайлы әрі қолжетімді мүмкіндігі!

Президент: «Заң мен тәртіп идеологиясы күнделікті өмірдің барлық саласында қатаң сақталуға тиіс»
«Осы тұста мына бір аса маңызды мәселені қайта атап өткім келеді: біз қоғамда заң үстемдігі қағидатын, яғни, заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет.

Заң мен тәртіп идеологиясы күнделікті өмірдің барлық саласында қатаң сақталуға тиіс: қоғамдық орындағы жүріс-тұрыс мәдениетінен, оның ішінде жиын-тойлардан, тұрмыстық мәдениеттен бастап, жолда көлік жүргізу мәдениетіне дейін осы мызғымас қағидатқа сай болуы керек.

Мен бұған дейін де өз сөздерімде жол қауіпсіздігі мәселесіне арнайы тоқталдым. Өкінішке қарай, Қазақстанда жыл сайын көлік апатының кесірінен, соның ішінде көп жағдайда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзудың салдарынан мыңдаған адам көз жұмады. Бұған жол беруге болмайды.

Бұрын елімізде көлік апатының көптігіне жолдың нашарлығын желеу қылатын. Соңғы бірнеше жылда барлық өңірдегі жол инфрақұрылымын ауқымды түрде жаңғыртуды қолға алдық. Бірақ қайғылы оқиға азаймай тұр.

Демек бұл жағдайға Үкімет пен қоғам жіті назар аударуы керек. Азаматтар бекітілген ережелердің бәрін мүлтіксіз сақтайтын көлік жүргізу мәдениетін қалыптастырған дұрыс.

Полицейлермен тәжікелесу, тіпті оларға шабуыл жасау фактілерін тыю қажет. Мұндай жағдайларға, сондай-ақ құқықтық нигилизм дертіне шалдыққан адамдарды, басқаша айтқанда, сотқарлар мен бұзақыларды «қаһарман» жасауға заң аясында қатаң шара қолдану керек.

Біз өркениетті ұлт болғымыз келсе, полицейлердің, дәрігерлердің, мұғалімдер мен қызмет көрсету саласы мамандарының, жалпы, адал әрі заңға бағынатын азаматтардың ар-намысына тиетін кез келген әрекетке батыл түрде тосқауыл қоюымыз қажет».

t.me/aqorda_resmi

ШҚО-да 2025 жылы үш қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
2025 жылы Шығыс Қазақстан облысында үш қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО Экономикалық тергеу департаментінің басшысының орынбасары Тимур Мұканов хабарлады.

Басты құралдардың бірі сандық қауіпсіздік болды. Telegram мессенджерінде «Baiqa, piramida» сервисі енгізілген, ол пайдаланушыларға компанияларды қаржы пирамидаларының белгілері бойынша тексеруге мүмкіндік береді — сайт немесе әлеуметтік желідегі парақшаның сілтемесін енгізу жеткілікті.

Тимур Мұкановтың айтуынша, 2025 жылы Департамент қаржы пирамидаларына қатысты 481 сілтемені, онлайн-казино және басқа да құмар ойындарға қатысты 591 сілтемені, сондай-ақ криптоайырбастау пункттеріне қатысты 121 сілтемені бұғаттады.

Жалпы, 2021 жылдан бастап Қазақстанда 100-ден астам қаржы пирамидалары анықталып, тоқтатылды. Соның ішінде Eolus Kazakhstan, Sinsera Systems және Best Road Investment схемалары бар.