Үлкен Нарын - oskemencity.kz

️Үлкен Нарын ауданында туризмді дамыту үшін жол бойындағы орындар мен сәулеттік келбеті жақсаруда
– Қазір ауданда туристерді орналастыруға арналған бірнеше демалыс орны мен үш қонақүй жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Абзал» пантомен емдеу орталығы мен «Сұңқар» сауықтыру лагері бар. Аудан әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» АҚ бірлескен жобасы аясында заманауи жол бойы сервисі нысаны ашылды. Ал Приморск ауылында 120 орынға арналған демалыс орнында «Пантомен емдеу» инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Туризм саласын одан әрі дамыту және ауданның сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында биыл Приморск ауылындағы жағажай аумағын абаттандыру, ауданның кіреберіс топтарын салу, сондай-ақ туристік ақпараттық орталықтың аумағын көркейту жоспарланған. Бұдан бөлек, биыл Үлкен Нарын ауылындағы бес көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

– Катонқарағай ауданында әуежай салынып жатыр. Географиялық орналасуын ескерсек, бұл жоба біздің ауданымызда да туризмнің қарқынды дамуына үлкен серпін береді, – деп атап өтті Үлкен Нарын ауданының әкімдігі.

Халыққа жайлы әрі қауіпсіз жағдай істеуде денсаулық сақтау саласының маңызы зор. Бұл бағытта аудан билігі жүйелі жұмыстар атқаруда.

– Аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу саласына инновациялық технологиялар белсенді енгізілуде. «Салауатты ұлт» жобасы аясында компьютерлік томограф пен оған қажетті жабдықтар, сондай-ақ Холтер мониторингі аппараты сатып алынды. Сонымен қатар, рентген-маммографиялық кешен және цифрлық маммограф алынды, – дейді аудан әкімдігі.

Әкімдікте денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Бұған дейін Новохайрузовка ауылындағы медициналық пункт ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған еді. Алайда, техникалық тексеру қорытындысы бойынша ғимарат апатты деп танылды.

Сондықтан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қолдауымен ауылда жаңа заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттің ғимаратын салу туралы шешім қабылданды. Құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жоба жүзеге асқаннан кейін ауыл тұрғындары сапалы әрі қолжетімді алғашқы медициналық көмекті заманауи және жайлы жағдайда алуға мүмкіндік алады.